#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
02 сәуір
01 сәуір

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(273)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

Медициналық көмектің сапасына қатысты шағымдар енді телефон арқылы қабылданбайды

Медициналық көмектің сапасына қатысты шағымдар енді телефон арқылы қабылданбайды Фото: Солтан Жексенбеков
InformBURO

Қазақстанда медициналық көмектің сапасына шағымдарды қабылдау тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Informburo.kz, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
 

Денсаулық сақтау министрлігі "Бірыңғай медициналық ақпараттық Call-орталықтың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және оның қызметінің регламентін бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер бекітті.

"Өзгерістер азаматтардың дербес деректерін қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету және дәрігерлік құпияны сақтау жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында 1414 байланыс орталығы арқылы медициналық көмек көрсету сапасына шағымдарды қабылдау функциясын алып тастауды көздейді", - деп нақтылады ӘМСҚ.

Енді қазақстандықтар медициналық көмек көрсету сапасына келесідей шағым бере алады: 

  • ӘМСҚ ресми сайты арқылы msqory.kz;
  • qoldau 24/7 мобильді қосымшасының көмегімен.

 

Бірақ ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек алу мәселелері бойынша консультацияларды ел тұрғындары әлі де 1414 байланыс орталығы арқылы ала алады. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде