#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
29 Наурыз
28 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(264)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

Қазақстанда лицензиясыз жүздеген емдеу кабинеттері анықталды

Қазақстанда лицензиясыз жүздеген емдеу кабинеттері анықталды Сурет: ekaraganda.kz
BAQ.KZ

Қазақстанда лицензиясыз жұмыс істейтін жүздеген жеке рәсімдік кабинеттер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мониторинг барысында 1900 жеке рәсімдік кабинеттің 408-і медициналық қызметті тиісті рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырғаны анықталды.

Жүргізілген тексерулерден кейін 270 рәсімдік кабинет өз қызметін өз еркімен тоқтатты. Кейбір кәсіпкерлер жұмысты заңдастыруға дайын екендіктерін білдіріп, лицензияларды рәсімдеуді бастады. Тағы 116 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер басталды.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің хабарлауынша, тексерулер жүйелі бұзушылықтарды анықтады. Олардың ішінде лицензиясыз жұмыс істеу, санитарлық нормаларды сақтамау, дәрі-дәрмектерді сақтау шарттарын бұзу, білікті персоналдың және шұғыл көмек көрсету үшін қажетті жабдықтардың болмауы.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 147 әкімшілік хаттама жасалды, ал айыппұлдардың жалпы сомасы 16 миллион теңгеден асты.

Министрлік бақылауды күшейту пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде