#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
28 Наурыз
27 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(261)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

Қазақстанда жазғы туристік маусымға дайындық шаралары күшейтілуде

Қазақстанда жазғы туристік маусымға дайындық шаралары күшейтілуде Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
«Казинформ»

Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өңірлерді жазғы туристік маусымға дайындау бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды kazinform ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жұмысқа туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, алты облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Аида Балаева қатысушылардың жазғы маусымға дайындық туралы есептерін тыңдады.

Төтенше жағдайлар және ішкі істер министрліктерінің желісі бойынша өңірлерде белсенді жұмыс жүргізілуде, қоғамдық тәртіпті, демалушылардың тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

ҚР Туризм және спорт министрлігі облыс әкімдіктерімен және басқа да мемлекеттік органдармен байланысты дайындық іс-шараларының барысын бақылайды және үйлестіреді.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі бірқатар тапсырмалар берді. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде