#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
27 Наурыз
26 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(254)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

Қазақстанда қан донорларына төлемдерді ұлғайту жоспарлануда

Қазақстанда қан донорларына төлемдерді ұлғайту жоспарлануда Сурет: Depositphotos
«Казинформ»

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында Қазақстанда қан донорлығы жүйесін дамыту жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Олжас Бектеновтың айтуынша, бүгінде елімізде қауіпсіздік пен сапаның заманауи талаптарына сәйкес келетін қан қызметінің орталықтандырылған және стандартталған моделі қалыптасты. Қан қызметінің 19 ұйымы жұмыс істейді: 2 республикалық, 15 облыстық, 2 қалалық.

Қан компоненттерінің сапасы мен қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз ету үшін донорлық қанның екі сатылы скринингі, оның компоненттерін өңдеудің заманауи әдістері енгізілді, инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздікті бақылау күшейтілді.

"Денсаулық сақтау министрлігі гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялауды қоса алғанда, медициналық қызметтер тізбесін кеңейтуді ескере отырып, мемлекеттік саясатты жетілдіруді көздейтін 2028 жылға дейін қан донорлығын дамыту жөніндегі іс — шаралар жоспарын әзірлеуде", - деді Олжас Бектенов.

Бұдан басқа, 2026-2028 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру шеңберінде донорларға тегін тамақтанудың ақшалай баламасының мөлшерін ұлғайту мәселесі пысықталуда.

Премьер-министр "Құрметті донор" ведомстволық наградасын қалпына келтіру мақсатында төсбелгінің эскизі пысықталғанын, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер дайындалғанын айтты. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде