#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
26 ақпан
25 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(201)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1392)

Қазақстан Үкіметі Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді

Қазақстан Үкіметі Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді Сурет: gov.kz
BAQ.KZ

Қазақстан Үкіметі Президенттің Каспийді кешенді зерделеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде "Каспий теңізінің Қазақ ғылыми-зерттеу институты" АҚ-на Ел резервінен 1,1 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Тиісті Қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

- Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал ететін болады. Қаражат теңіз мониторингін жүргізу үшін жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыруға көзделген. Бұл ҒЗИ-ға қоршаған ортаның гидрометеорологиялық және биологиялық параметрлерін жүйелі бақылауларды қоса алғанда, теңіз акваториясында тікелей кешенді мониторингке көшуге, теңіздің қазақстандық бөлігіндегі процестер туралы ғылыми – негізделген базаны кеңейтуге мүмкіндік береді, - деп хабарлады ҚР Үкіметі.

Бүгінгі таңда ҒЗИ тиімді шараларды әзірлеу үшін халықаралық ғылыми қоғамдастыққа белсенді интеграциялануда, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына кірді.

Осы қаулыны іске асыру үшін экология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық қажетті шараларды қабылдау, Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде