#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
26 ақпан
25 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(201)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1392)

Мерзімді қызмет сарбаздарына кредиттер 300 млн теңгеге кейінге қалдырылды

Мерзімді қызмет сарбаздарына кредиттер 300 млн теңгеге кейінге қалдырылды Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
BAQ.KZ

Қазақстанда Бас әскери прокуратура мерзімді қызметтегі 1000-нан астам әскери қызметшінің қызмет өткеру кезеңіне кредиттік міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыруға құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бұған дейін мемлекеттік органдар мен банктердің өзара іс-қимылының жеткіліксіздігінен кейінге қалдыруды уақтылы ресімдемеу жағдайларына жол берілген болатын, бұл сарбаздардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырды.

Әскери прокурорлардың араласуынан кейін әскери қызметшілердің құқықтары толығымен қалпына келтірілді және оларға 300 млн теңгеден астам сомаға кредиттер бойынша кейінге қалдыру берілді.

Тексеру нәтижелері бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен әскерге шақырылушылардың құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша жұмыс жүргізді.

Жағдайды бақылау жалғасуда.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде