#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
10 ақпан
09 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(160)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1391)

Қазақстанда ақылы жолдармен жүру үшін сараланған тарифтер енгізіледі

Қазақстанда ақылы жолдармен жүру үшін сараланған тарифтер енгізіледі Фото: ҚР Көлік министрлігі
«Казинформ»

ҚР Көлік министрлігі ақылы автомобиль жолдарымен жүру үшін сараланған ақы енгізу туралы бұйрықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Құжатта атап өтілгендей, тарифтердің жаңа жүйесі транзиттік шетелдік көлік тарапынан жоғары жүктемені сезінетін автожолдарды күтіп-ұстауға және қалпына келтіруге қосымша шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.

Ведомство бұл шара Қазақстанның экономикалық мүдделерін қорғауға және халықаралық көлік қатынастарындағы өзара қарым-қатынас қағидатын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Қосымша түсімдерді жол инфрақұрылымын дамытуға және ұстауға бағыттау жоспарлануда.

Бұл ретте сараланған төлем Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тасымалдаушыларына, Қазақстан резиденттеріне, сондай-ақ үкіметаралық келісімдермен ақылы жолдармен жүру үшін ақы төлеу көзделмеген мемлекеттерге қолданылмайды.

Бұйрық жобасын жария талқылау 26 ақпанға дейін "Ашық НҚА" порталында ашылды.  

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде