#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
06 ақпан
05 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(141)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(466)

Қазақстанда компьютерлік томография сот сараптамасында қолданыла бастайды

Қазақстанда компьютерлік томография сот сараптамасында қолданыла бастайды Сурет: Виктор Федюнин
«Казинформ»

Әділет министрлігі сот-медициналық сараптамаға компьютерлік томографияны енгізуді көздейтін түзетулер жобасын дайындады, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Құжатта сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ сот сараптамасын жүргізу үшін арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарға өзгерістер енгізілді.

Сот-медициналық сарапшылардың өлімнің себебін анықтау кезінде, оның ішінде компьютерлік томографияны қолдану кезінде зерттеудің заманауи инвазивті емес әдістерін енгізуі және қолдануы ұсынылады.

Сондай-ақ, құжатта компьютерлік томографты және оны орналастыру үшін арнайы жабдықталған үй-жайды сот-медициналық сараптама жүргізуге арналған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарға қосу көзделеді.

Жоба 2026 жылғы 17 ақпанға дейін "Ашық НҚА" порталында жария талқылау үшін орналастырылған. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде