#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
31 қаңтар
30 қаңтар

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(114)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(0)

2026 жылы Қазақстанға қандай әлемдік жұлдыздар келеді

2026 жылы Қазақстанға қандай әлемдік жұлдыздар келеді Сурет: solanafest.kz
«Казинформ»

"Kazakh Tourism" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов Үкімет отырысында биыл Қазақстанда концерттер өткізетін әлемдік әртістердің есімдерін атады, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Оның айтуынша, мамыр айында өтетін алғашқы концертке Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Busta Rhymes, Tyga, Keri Hilson, Flo Rida қатысады.

Жалпы, жыл соңына дейін кемінде бес ірі концерттік іс-шара өткізіледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, Kazakh Tourism фестиваль туризмін дамытуға белсенді қатысады. Осы іс-шаралар негізінде туристік пакеттерді қалыптастырумен айналысатын арнайы штаб құрылды. Сондай-ақ, көрші елдердің медиа серіктестерімен және туроператорларымен бірлесіп Қазақстанға туристерді тарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, Талғат Ғазизов қазақстандық қонақүйлер мен мейрамханалар халықаралық деңгейде жоғары бағаланатынын айтты.

"Бүгінде ТМД, Еуропа және Азияның 18 ірі онлайн-алаңында Қазақстанға 1100 — ден астам тур ұсынылған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда үш есе өсім болып табылады және халықаралық туроператорлар тарапынан жоғары қызығушылықты көрсетеді", - деді Талғат Ғазизов Үкімет отырысында.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде