#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
05 ақпан
04 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(141)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(466)

ҚР-да демографиялық жағдайды бағалау бойынша алғашқы ұлттық баяндама дайындалады

ҚР-да демографиялық жағдайды бағалау бойынша алғашқы ұлттық баяндама дайындалады Сурет: Depositphotos
«Казинформ»

ҚР Ұлттық статистика бюросы БҰҰ-ның халық саны саласындағы қорымен демография мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform бюроға сілтеме жасап. 

Ынтымақтастық мәселелері Қазақстандағы ЮНФПА елдік директоры Чинве Огбоннамен кездесу барысында талқыланды. Тараптар Қазақстандағы демографиялық ахуал бойынша Ұлттық баяндаманы дайындау шеңберінде бірлесіп әлеуметтік сауалнама жүргізу мүмкіндігін қарастырды.

Зерттеу нәтижелерін халықтың көбею, құрылымдық тепе-теңдікті сақтау және ұзақ мерзімді перспективада әлеуметтік экономикалық және мәдени өзгерістерге бейімделу қабілетін көрсететін демографиялық жағдайды және өңірлердің демографиялық тұрақтылық индексін Бағалау жөніндегі алғашқы Ұлттық баяндаманы әзірлеу кезінде пайдалану болжанады.

Қазақстандағы ЮНФПА өз кезегінде бюро қызметкерлері мен демографиялық болжаумен айналысатын басқа да мемлекеттік органдар қатарынан ұлттық команданы даярлауға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Оның ішінде демографиялық талдау мен болжауда жасанды интеллект пен үлкен деректерді пайдалану мәселелері бойынша оқыту жоспарлануда, бұл есептеулердің дәлдігін арттыруға және деректермен жұмыс істеуде инновациялық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.

Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев ЮНФПА-мен өзара іс-қимылды кеңейту Талдамалық базаны нығайтуға және ұзақ мерзімді басқару шешімдерін қабылдау үшін негіз болып табылатын демографиялық болжамдардың сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік пен БҰҰ-ның халық саласындағы Қоры Қазақстандағы статистиканың 105 жылдығына арналған форум аясында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Құжат демографиялық деректер, аналитикалық жұмыс және деректерге негізделген саясатты әзірлеу саласындағы ынтымақтастықты көздейді. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде