#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
02 Наурыз
01 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(209)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

Қазақстанда заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырушыларға 50 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Қазақстанда заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырушыларға 50 млн теңгеге жуық айыппұл салынды Сурет: instagram.com/zhanabylov_e, instagram.com/elt6i
«Казинформ»

ҚР Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті заңсыз лотерея қызметін жүргізу мәніне әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды kazinform агенттігі

Мониторинг нәтижелері бойынша, сондай-ақ Комитетке келіп түскен жеке тұлғалардың өтініштері бойынша 2025 жылы ҚР ӘҚБтК 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша 121 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 49,9 млн теңгені құрады.

Заңсыз ұтыс ойындарын өткізген адамдарға хабарламалар жіберілді, түсіндіру кездесулері өткізілді (офлайн және онлайн форматтарда). Әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі Министрліктің ресми сайтында орналастырылған.

Хаттама бойынша шешіммен келіскен жағдайда бұзушылар айыппұл төлейді. Келіспеген жағдайда материалдар сотқа беріледі және сот тәртібімен қаралады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінде ҚР ӘҚБтК 445-1 – бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуі Жеке тұлғаларға-100 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (ЖК) - 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салды. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (ЖК) – 750 АЕК айыппұл салу, Әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді тәркілеу. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде