#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
05 ақпан
04 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(141)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(466)

Қазақстанда балалар спортын қаржыландыру екі есеге артады

Қазақстанда балалар спортын қаржыландыру екі есеге артады Сурет: depositphotos.com
BAQ.KZ

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде туризм және спорт министрлігі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды енгізуді және оларды аккредиттеуге қойылатын талаптарды белгілеуді көздейтін заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу балалар мен жасөспірімдер спортын қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір спортшыны ұстауға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді, ал қазіргі уақытта сметалық қаржыландыру кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 233 мың теңгені құрайды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта туризм және спорт министрлігі қаржыландырудың сметалық жүйесін пайдаланатын жалғыз мемлекеттік орган болып табылады. Осыған байланысты саланы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшу жоспарлануда.

Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Аталған шығыстар республикалық бюджет комиссиясының шешімімен қолдау тапты, қосымша қаражат жергілікті бюджеттен бөлінетін болады.

Еліміздің барлық БЖСМ-де жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды енгізу 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жоспарланып отыр.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде