#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
14 Наурыз
13 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(232)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

30 млрд теңге төленді: Қазақстанда қанша отбасы кедейлік шегінде қалып отыр

30 млрд теңге төленді: Қазақстанда қанша отбасы кедейлік шегінде қалып отыр Сурет: ekaraganda.kz
BAQ.KZ

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54 мың отбасынан 290,6 мың адамға тағайындалды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы 30,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды <url> BAQ.KZ

Жалпы, 2025 жылы АӘК төлеуге бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған. Бағдарламаның негізгі мақсаты-Ақшалай төлемдер және еңбекке қабілетті мүшелерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару.

Атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тағайындалады. Бұдан басқа, 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем көзделген.

2025 жылғы 1 желтоқсанға мұндай қосымша төлем АӘК алушылар қатарынан 90,5 мың мектепке дейінгі жастағы балаларға тағайындалды. Бұл мақсаттарға 3,7 млрд теңге бағытталды.

Ақшалай төлемдерден басқа, АӘК бағдарламасы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздейді: жұмысқа орналастыру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу, сондай-ақ өз ісін ашуға уәжделген отбасыларға гранттар беру.

Қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша карьерлік орталықтар, ауылдық округ әкімдері арқылы не электрондық үкімет порталы арқылы онлайн бере алады egov.kz.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде