#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
05 ақпан
04 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(141)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(466)

Қазақстанда "бірыңғай терезе" қағидаты бойынша дәрі-дәрмектерді тіркеу бойынша пилоттық жоба ұзартылды

Қазақстанда Сурет: Depositphotos
«Казинформ»

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Бірыңғай терезе" қағидаты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу бойынша пилоттық жобаға түзетулер дайындады, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

"Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеудегі "бірыңғай терезе" пилоттық жобасының жұмысын ұзартады. Бұл шешім мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, үдерістерді жеделдетуге және нарықтың барлық қатысушылары үшін неғұрлым ашық әрі түсінікті жүйе құруға бағытталған", — делінген құжатта.

Сондай-ақ, 2025 жылы басталған пилоттық жоба өзінің өзектілігі мен тиімділігін дәлелдегені атап өтілді. "Бірыңғай терезе" форматы құжаттарды қарау мерзімдерін қысқартуға, әкімшілік жүктемені азайтуға және тіркеу рәсімін өндірушілер мен дистрибьюторлар үшін де, медициналық ұйымдар мен азаматтар үшін де ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

Құжат 30 желтоқсанға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде