#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
10 Наурыз
09 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(220)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

Өңірлік ипотека бойынша бастапқы жарна сертификаты 1 қаңтардан бастап 2,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылады

Өңірлік ипотека бойынша бастапқы жарна сертификаты 1 қаңтардан бастап 2,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылады Фото: экараганда
«Казинформ»

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мәжіліс депутатының сұрауына жауап ретінде ішкі көші-қонды реттеуге бағытталған ипотекалық бағдарламаға өзгерістер енгізілгені туралы хабарлады, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

"Ауылдық елді мекендерде тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна көзделген. Ағымдағы жылы тұрғын үй нарығын талдау нәтижелерін ескере отырып оның мөлшері 1 160 АЕК тен ұлғайтылды(1 160 × 3 932 = 4 561 000 теңге-редакция ескертпесі) 1 625 АЕК дейін (1 625 × 4 325 = 7 029 000 теңге-редакцияның ескертпесі)", - делінген жауапта.

Бұл өзгеріс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетіні атап өтілді.

"Енгізілген өзгерістер Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларға сәйкес келеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді", — деп хабарлады министрлік. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде