#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
08 Наурыз
07 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(218)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

Шетелде 157 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді

Шетелде 157 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді Фото: Серікжан Ковланбаев
«Казинформ»

Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау үшін бірқатар елдермен еңбек келісімдерін жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ерсаев Орталық Коммуникациялар Қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

"Биылғы жылдың 9 айындағы деректерге сүйенсек, шетелде 156,7 мың отандасымыз жұмыс істейді. Қазақстандықтардың басым бөлігі Ресей Федерациясында – 128,8 мың адам, Корея Республикасында – 15,2 мың адам, Польшада – 2,6 мың адам, Ұлыбританияда – 1,4 мың адам еңбек етеді. Шетелде жұмыс істейтін азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан мен Катар арасында азаматтарды жұмысқа орналастыру туралы келісімге қол қойылды", – деді А. Ерсаев.

Сондай-ақ, вице-министр жыл басында Ұлыбританиямен еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалғанын хабарлады. Қазір Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, БАӘ, Словакия, Жапония, Швеция, Италия, Норвегия, Польша, Чехия, Румыния және Финляндиямен меморандумдар жасау жұмыстары жүргізілуде.  

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде