#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
03 желтоқсан
02 желтоқсан

Сауалнама

Бір уақыт белдеуіне ауысу сізге қалай әсер етті?
  • 1. Оң. Олар жақсы ұйықтай бастады.(347)
  • 2. Теріс. Мен бірдей жұмыс көлемін нашар басқарамын. Қыста мен күнді әрең көрдім.(2184)
  • 3. Мен айырмашылықты мүлдем байқамадым.(73)

Қазақстанда ҚҚС бойынша тіркеуді бұзғандарды қандай шаралар күтіп тұр

Қазақстанда ҚҚС бойынша тіркеуді бұзғандарды қандай шаралар күтіп тұр Сурет: Виктор Федюнин
«Казинформ»

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілер арасында салықтық тіркеудің сақталуына мониторинг жүргізетін болады, деп хабарлады ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы Еділ Әзімшайық, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Оның айтуынша, бақылау шарасы ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюға ғана емес, сонымен қатар жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге де қатысты.

Бұзушылықтар анықталған кезде салық төлеушіге хабарлама жіберіледі. Оның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды.

"Хабарлама көрсетілген мерзімде орындалмаған кезде салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады. Мұндай өкім себебін жою кезінде, яғни хабарламаны орындау кезінде жойылады", - деп түсіндірді Еділ Әзімшайық.

Ол хабарламамен келіскен салық төлеуші есепке тұратынын, ал келіспеген жағдайда растайтын құжаттармен түсініктеме беретінін атап өтті.

Егер түсініктемелерде негіздемелер болмаса немесе олар құжатпен расталмаса, салық органдары 20 жұмыс күні ішінде хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім қабылдайды.

Осыдан кейін салықтық тексеру жүргізіледі. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде