#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
03 желтоқсан
02 желтоқсан

Сауалнама

Бір уақыт белдеуіне ауысу сізге қалай әсер етті?
  • 1. Оң. Олар жақсы ұйықтай бастады.(347)
  • 2. Теріс. Мен бірдей жұмыс көлемін нашар басқарамын. Қыста мен күнді әрең көрдім.(2183)
  • 3. Мен айырмашылықты мүлдем байқамадым.(73)

Қазақстанда коммуналдық тарифтердің өсуі тоқтатылады

Қазақстанда коммуналдық тарифтердің өсуі тоқтатылады Фото: экараганда
«Казинформ»

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың жағымсыз салдарын жою жөнінде шаралар қабылдауда, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі.

Үкіметтің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 қазанынан бастап барлық тұтынушылар топтары үшін коммуналдық тарифтердің өсуі 2026 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін тоқтатылады. 

"Тарифтердің өсуін тежеу табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық шығыстарын оңтайландыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл ретте ТКШ жүйесінің объектілерінде жоспарланған барлық жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, халықтың осал топтары үшін тұрғын үй көмегін көрсету тетігі жұмыс істейтіні атап өтілді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру көлемін екі есе ұлғайту жолымен тұрақтандыру қорларының жұмысы жандандырылатын болады, бұл өз кезегінде ӘМАТ санатына жататын өнімнің арзандауына әкеп соғады.

Сонымен қатар, негізсіз делдалдарды анықтау бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысын және сауда үстемелерін асыра бағалау фактілерін күшейтуге ерекше назар аударылады.

 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде