#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
12 Наурыз
11 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(228)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда алғашқы 2 мың апорт көшеті өсірілді

Қазақстанда алғашқы 2 мың апорт көшеті өсірілді Сурет: ekaraganda.kz
BAQ.KZ

Қазақстанда аты аңызға айналған "Апорт"алма сортын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда питомниктерде 2100-ге жуық көшет өсірілді, олар жаңа бақтар салуға негіз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ

Алғашқы 10 гектар апорт екпелерін осы күзде салу жоспарлануда, ал 2027 жылға қарай олардың ауданы 110 гектарға жетеді.

Жоба 2025-2028 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде іске асырылуда. 2024 жылы мамандар Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында Сиверс жабайы алма ағашының 60 мың тұқымын жинап, ауданы 0,7 га питомник салды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі апортты жандандыру жобасының сабақтастығын, ғылыми негізін және тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, жол картасы шеңберіндегі іс - шараларды жан-жақты үйлестіруді жалғастырады", - делінген хабарламада.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде