#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
13 Наурыз
12 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(229)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутектер бойынша келісімшарттарды бұзғаны үшін 50 млрд теңге төлейді

Жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутектер бойынша келісімшарттарды бұзғаны үшін 50 млрд теңге төлейді Сурет: ekaraganda.kz
BAQ.KZ

Қазақстан Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектер саласындағы келісімшарттық міндеттемелерінің орындалу мониторингін қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BAQ.KZ

2025 жылғы 1 маусымнан бастап кешенді тексеру жүргізілді, нәтижесінде бұзушылықтар анықталды, қойылған айыппұлдар мен берешектер сомасы 50 млрд теңгені құрады, оның ішінде 2024 жылы – 19 млрд теңге.

Бүгінгі таңда елімізде көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалануға 327 келісімшарт қолданылады, оның ішінде: барлауға – 133, дайындық кезеңіне – 12, өндіруге – 182.

Тексеру қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың атына 160-тан астам хабарлама жіберілді. Қазіргі уақытта шамамен 1 млрд теңге өтелді, өндіріп алу жұмыстары жалғасуда.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалануға арналған 11 келісімшарттың қолданысын тоқтатты.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде