#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
17 Наурыз
16 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(239)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда көліктің барлық түрлері үшін тарифтер қайта қаралады

Қазақстанда көліктің барлық түрлері үшін тарифтер қайта қаралады Фото: "Жолаушылар тасымалы"АҚ
«Казинформ»

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында көліктің барлық түрлері үшін жаңа бәсекелестік тарифтік саясатты әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, Көлік министрлігі осы жаңа тарифтік саясатты әзірлеуі тиіс.

Премьер-министрдің айтуынша, елде транзиттік әлеуетті кеңейту және ішкі көлік желісін дамыту үшін айтарлықтай резервтер бар.

Сондай — ақ, ол Көлік министрлігіне "Бақты — Аягөз", "Қызылжар — Мойынты", "Дарбаза-Мақтаарал" жобаларын уақтылы іске асыруды, сондай-ақ автожолдарды салу мен жөндеуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл ретте Қытайдан Еуропаға транзитті едәуір қысқартатын "Сексеуіл — Бейнеу" жобасына ерекше назар аударылсын.

Көлік министрлігі екі ай мерзімде Үкіметке контейнерлік тасымалдарды ынталандыруға және мультимодальды маршруттарды дамытуға бағытталған арнайы бағдарлама енгізуі тиіс.

Бұдан басқа, қаржы және цифрландыру министрліктерімен бірлесіп, қазан айының соңына дейін "Smart Cargo"кедендік және логистикалық қызметтердің бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосуды қамтамасыз ету тапсырылды. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде