#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
03 желтоқсан
02 желтоқсан

Сауалнама

Бір уақыт белдеуіне ауысу сізге қалай әсер етті?
  • 1. Оң. Олар жақсы ұйықтай бастады.(347)
  • 2. Теріс. Мен бірдей жұмыс көлемін нашар басқарамын. Қыста мен күнді әрең көрдім.(2184)
  • 3. Мен айырмашылықты мүлдем байқамадым.(73)

Қазақстан Азия мен Еуропа нарығына жүгері өнімдерімен шығады

Қазақстан Азия мен Еуропа нарығына жүгері өнімдерімен шығады Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
BAQ.KZ

Түркістан облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Инвестицияның жалпы көлемі 35 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды <url> BAQ.KZ

Кәсіпорында шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау бойынша кешендер іске қосылды. Қазір өндірістік қуаттарды іске қосуға және қалдықсыз өңдеу технологиясын енгізуге дайындық жүргізілуде.

Зауыттың толық іске қосылуы 2025 жылға жоспарланған. Мұнда крахмал, меласса, тағамдық глюкоза, мальтоза сиропы, жүгері майы, глютен, кебек және дәнді құрама жем сияқты 20-дан астам өнім шығару жоспарлануда. Өндірісте тек генетикалық түрлендірілмеген жүгері қолданылады.

Кәсіпорын өнімдері ел ішінде де, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие болады. Қазақстан Азия мен Еуропа елдерінің нарықтарына жүгері өнімдерімен шығуға ниетті, бұл экспорттық әлеуетті нығайтуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде