#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
17 Наурыз
16 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(239)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстан инвесторлар үшін инфрақұрылымға кіруді арзандатты

Қазақстан инвесторлар үшін инфрақұрылымға кіруді арзандатты Сурет: pixabay.com
BAQ.KZ

Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік форматында инфрақұрылымдық жобаларға қатысу үшін инвестициялардың ең төменгі шегі екі есе азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BAQ.KZ

Енді құрылысқа бұрынғы 15,7 млрд теңгенің орнына 7,8 млрд теңгеден бастап инвестициялауға болады.

Түзетулердің бастамашысы Бас прокуратура болды, ол жоғары шекті әлеуетті инвесторлар шеңберін шектейтініне және өңірлерде инфрақұрылымның дамуын тежейтініне назар аударды.

Премьер-Министр орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы №52 бұйрығына сәйкес өзгерістер 23 тамызда күшіне енді.

Ведомствода атап өткендей, бұл шара нысандардың құрылысын жеделдетуге, қосымша инвесторларды тартуға және өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға арналған.

Кәсіпкерлер мен инвесторларға мемлекеттік қолдау алу үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгіну қажет.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде