#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
17 Наурыз
16 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(239)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қыркүйек айынан бастап Қазақстан азаматтығы үшін тестілеуге өтінім беруге болады

Қыркүйек айынан бастап Қазақстан азаматтығы үшін тестілеуге өтінім беруге болады Сурет: pixabay.com
BAQ.KZ

2-10 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдар үшін тестілеуге өтініштер қабылданады. Өтінімді Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ

Тестілеудің өзі 11 қыркүйекте өтеді және үш блокты қамтиды:

- Қазақ тілі - 30 тапсырма, шекті балл – 15;
- ҚР Конституциясының негіздері (қазақ немесе орыс тілдерінде) - 40 тапсырма, шекті балл-20;
- Қазақстан тарихы (қазақ немесе орыс тілдерінде) - 30 тапсырма, шекті балл – 15.

Максималды балл-100, сәтті өту үшін кем дегенде 50 балл жинау керек. Тестілеу уақыты - 2 сағат 10 минут, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қосымша уақыт – 30 минут беріледі.

Қатысу құны - 14 693 теңге.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде