#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
13 Наурыз
12 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(229)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Сотталғандарды босату үшін аурулардың тізбесін Қазақстанда кеңейту ұсынылады

Сотталғандарды босату үшін аурулардың тізбесін Қазақстанда кеңейту ұсынылады Фото: ҚАЖК
«Казинформ»

Денсаулық сақтау министрлігі сотталғандар жазадан босатылуы мүмкін аурулар тізбесін кеңейтуді көздейтін өзгерістер жобасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Құжатқа сәйкес, ауыр науқас сотталғандардың өлімін азайту және денсаулығын сақтау мақсатында бауыр циррозы кезіндегі жай-күйлер кеңейтілді, бүйректің созылмалы ауруының кезеңдері нақтыланды, тізбеге ауыр дәрежедегі өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және гормонға тәуелді аурулар енгізілді.

Арнайы медициналық комиссияның рөлі күшейтілді: оның міндеттері, функциялары, жұмыс принциптері мен құрамы бекітілді.

Сонымен қатар, құжатта сотталғандардың денсаулық жағдайы нашарлаған кезде оларды қайтадан медициналық куәландыру мүмкіндігі көзделеді.

Жоба 2025 жылғы 5 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде