#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
12 Наурыз
11 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(228)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қарағанды облысының көлік қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды

Қарағанды облысының көлік қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды Сурет: akorda.kz

Кәсіби мерекеге орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жарлығымен бірқатар азаматтарды көлік саласын дамытуға, елдің қатынас жолдарының инфрақұрылымын қалыптастыруға және жаңғыртуға қосқан зор үлесі үшін марапаттады. Олардың қатарында Қарағанды облысы кәсіпорындарының қызметкерлері бар, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

"Құрмет" орденімен "Қазаэронавигация"РМК Қарағанды филиалының диспетчер – нұсқаушысы Юрий Глухов марапатталды. "Шапағат" медалімен "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный"өңірлік филиалының Қарағанды учаскесінің жолсерігі Шамкен Әшімов марапатталды.

Өткен жылы мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңа құрметті атақтар енгізілді, олардың ішінде "Қазақстанның көліксаласының еңбек сіңірген қайраткері". Оның иегері "Қажсервис" ЖШС Бас директорының кеңесшісі Қанат Шаймин болды.

Қазақстанда көлік қызметкерлері күні жыл сайын тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде