#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
30 шілде
29 шілде

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(544)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1403)

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілерінің санатын кеңейту жоспарлануда

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілерінің санатын кеңейту жоспарлануда Сурет: freepik
«Казинформ»

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Енгізілетін өзгерістерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидаларда зейнеткерлік жасқа толған адамдар өз жұбайының (зайыбының) жеке көмекшісі бола алатын тәртіп регламенттелетін болады, деп нақтылады министрлікте.

Сондай-ақ, бірінші топтағы мүгедек адамның және жеке көмекшінің бір елді мекенде тұру қажеттілігін айқындайтын қосымша пункт пайда болады.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 11 тамызға дейін жария талқылау үшін жарияланды. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде