#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
06 ақпан
05 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(141)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(466)

Қазақстанда әлеуметтік қызмет алушылар үшін тамақтану нормалары жаңартылады

Қазақстанда әлеуметтік қызмет алушылар үшін тамақтану нормалары жаңартылады Фото: Тамерлан Тілеубаев / Kazinform
«Казинформ»

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 896 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Құжат медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндізгі болу бөлімшелерінде және әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсететін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына толықтырулар енгізуді көздейді.

Жоба Үкіметтің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Ведомствода атап өтілгендей, өзгерістердің мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормаларын жетілдіру және өзектендіру.

Министрлік бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды деп санайды. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде