#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
18 Наурыз
17 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(241)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда жарты жылда 16 млн-нан астам адам т/ж және әуе көлігін пайдаланды

Қазақстанда жарты жылда 16 млн-нан астам адам т/ж және әуе көлігін пайдаланды Фото: "Жолаушылар тасымалы"АҚ
«Казинформ»

ҚР Көлік министрлігінде теміржол және авиация салаларындағы маршруттық желінің өзекті жай-күйі туралы айтылды, деп хабарлайды kazinform агенттігі

Теміржол көлігі
 
Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 154 теміржол жолаушылар бағыты жүріп жатыр. Оның ішінде: 112 маршрутқа "Жолаушылар тасымалы" АҚ қызмет көрсетеді, 30 маршрутқа жеке тасымалдаушылар қызмет көрсетеді, 12 маршрут халықаралық қатынастарға жатады.
 
2025 жылдың алғашқы 6 айында теміржол көлігімен 9,5 млн жолаушы тасымалданды. Жолаушылар вагондарының паркін жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері 60-қа жуық жаңа жолаушылар вагондары жеткізілді.
 
Авиациялық байланыс
 
Азаматтық авиация саласында ішкі және халықаралық қатынастардың белсенді дамуы байқалады.
 
  • Ішкі бағыттарда 61 маршрут жұмыс істейді, олар бойынша апта сайын 849 рейс орындалады.
  • Халықаралық қатынаста әлемнің 31 еліне аптасына 842 рейсті қамтамасыз ететін 144 маршрут ашылды.
 
Халықаралық әуе рейстерінің географиясы әлемнің келесі елдерін қамтиды: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Әзірбайжан, Түркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Черногория, БАӘ, Катар, Иран, Египет, Кувейт, Бахрейн, Оман, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Моңғолия, Малайзия, Мальдив Аралдары.
 

2025 жылдың алғашқы 6 айында 7,2 млн жолаушы әуе көлігін пайдаланды. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде