#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
02 Наурыз
01 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(210)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

Қазақстанда ветеринариялық құжаттарсыз өнімді сатқаны үшін жазалау ұсынылады

Қазақстанда ветеринариялық құжаттарсыз өнімді сатқаны үшін жазалау ұсынылады Фото: Астана әкімдігі
«Казинформ»

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық құжаттарсыз жануарлардан алынатын өнімдерді сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін жазаны қатаңдатуды ұсынады. Бұл туралы министр Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

"Ветеринариялық құжаттары жоқ өнімді жеткізушілер мен сатып алушыларға қатысты жауапкершілікті — қылмыстық жауапкершілікке дейін қатайту қажет. Ветеринариялық жүйені одан әрі трансформациялау цифрландыруды жетілдіруді, тауарлардың тасымалдануының қауіпсіздігі мен қадағалануы жөніндегі заңнаманы жақсартуды, жүктерді ветеринариялық-санитариялық бақылауды күшейтуді, жергілікті әкімдіктердің өкілеттіктерін кеңейтуді, сондай — ақ ұйымдастырылған шаруашылықтардың малға арналған биркаларды өз бетінше сатып алуы есебінен бюджет шығыстарын азайтуды көздейді", - деді министр.

Оның айтуынша, министрлік 7 қосымша цифрлық сервис арқылы елдегі мал айналымына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.

"Әр жануарға жеке нөмір беріледі. Барлық деректер мен ветеринарлық процедуралар тіркеледі. Электрондық сервистерді пайдалана отырып, фермерлер мен ветеринарлар уақытты үнемдейді және қателіктер ықтималдығын азайтады", - деп атап өтті Айдарбек Сапаров. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде