#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
27 Наурыз
26 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(254)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

Қарағанды облысындағы тас жолда екі адам жол апатынан зардап шекті

Қарағанды облысындағы тас жолда екі адам жол апатынан зардап шекті Фото: бейнеден скриншот
eKaraganda

Апат бүгін таңертең Ботақара – Қарағанды автожолында орын алды. Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Тілші ekaraganda.kz.

Қарағанды облысы ПД мәліметтері бойынша, екі автокөліктің, атап айтқанда ВАЗ-2114 және SHACMAN қатысуымен болған апат таңғы сағат 10:45 шамасында болған. Бейне кадрларында соқтығысу нәтижесінде жүк көлігі бүйіріне аударылып, жолаушылар көлігі тосқауыл қоршауына қарай ұшып кеткені байқалады.

ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілгені белгілі. Жүк көлігі жүргізушісінің жағдайы туралы әлі ақпарат жоқ. Апатқа кім немесе не себеп болды-тергеуді анықтайды. 

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын және қазіргі уақытта барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатқанын қосады.

Материалда бейне қолданылған ekaraganda.kz

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде