#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
13 Наурыз
12 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(230)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда пациенттің денсаулығына зиянды бағалау жөніндегі комиссия жұмысының қағидалары өзгерді

Қазақстанда пациенттің денсаулығына зиянды бағалау жөніндегі комиссия жұмысының қағидалары өзгерді Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
«Казинформ»

Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылғы 28 маусымдағы тәуелсіз сараптама комиссиясының қызметіне және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарға қатысты бұйрыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Жаңартуларға сәйкес, енді комиссия құрамы пациенттен немесе оның туыстарынан өтініш алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде медициналық ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі. Оған міндетті түрде бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулынан бейінді мамандар мен сақтандыру ұйымының өкілі кіреді.

Сақтандыру ұйымының өкілін медициналық мекеменің сұрауы бойынша сақтандыру пулының өзі жібереді.

Сондай-ақ, комиссия сараптамаға жататын әрбір бағыт бойынша кемінде бір бейінді маманды қоса алғанда, адамдардың тақ санынан тұруы тиіс екендігі нақтыланды. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде