#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
19 желтоқсан
18 желтоқсан

Сауалнама

Бір уақыт белдеуіне ауысу сізге қалай әсер етті?
  • 1. Оң. Олар жақсы ұйықтай бастады.(348)
  • 2. Теріс. Мен бірдей жұмыс көлемін нашар басқарамын. Қыста мен күнді әрең көрдім.(2270)
  • 3. Мен айырмашылықты мүлдем байқамадым.(75)

Қазақстанда салық органдары қандай тексерулер жүргізе алады

Қазақстанда салық органдары қандай тексерулер жүргізе алады Фото: Мұхтор Холдорбеков / Kazinform
«Казинформ»

Салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық тексеру нысанында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап. 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 145-бабына сәйкес салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер;
  2. жоспардан тыс салықтық тексерулер.

 

Салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге қатысты салық органдары тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер болып табылады.

Уәкілетті органның шешімімен бекітілген жартыжылдық кесте тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулерді тағайындау үшін негіз болып табылады.

Жоспардан тыс салықтық тексерулер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша және т.б. таратуға байланысты өтініштер, шағымдар бойынша жүзеге асырылатын тексерулер болып табылады.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 140-бабына сәйкес салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық тексеру нысанында жүзеге асырылады. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде