#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
18 Наурыз
17 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(241)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Банктерге Қазақстандағы мерзімді әскери қызметшілерге несие беруге тыйым салынуы мүмкін

Банктерге Қазақстандағы мерзімді әскери қызметшілерге несие беруге тыйым салынуы мүмкін Сурет: freepik
«Казинформ»

Қаулының тиісті жобасын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірледі, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Атап айтқанда, жоба жеке тұлғаның кредиттік есебінде осы мәліметтерді көрсету үшін мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасында мәліметтер алмасу тәртібін көздейді.

Сондай-ақ, банктер мен микроқаржы ұйымдары несие алуға шақыру жасындағы жеке тұлғаның өтінімі бойынша клиенттің несиелік есебінде оның мәртебесін тексеруді жүргізеді. Оның мерзімді әскери қызмет өткергені туралы мәліметтер болған жағдайда - кредит беруден бас тартылады.

Бұдан басқа, әскери қызметші мерзімді әскери қызметтен босатылған жағдайда, кредиттік бюролар оның мәртебесін кредиттік есептен алып тастайтыны атап өтіледі. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде