#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
13 ақпан
12 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(165)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1391)

"Алтын сапа" және "Қазақстанның үздік тауары" байқауларына Қарағанды облысынан 60 өтінім берілді

Сурет: gov.kz

Қарағандылық компаниялар "Алтын сапа" және "Қазақстанның үздік тауары"байқауларына белсенді қатыса бастады. Биыл өңірден 60 өтінім берілді: 17 – президенттік сыйлыққа және 43-үздік тауар өндірушілер атағына, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

"Шағын, орта және ірі бизнес өкілдері өндірісті, қызмет көрсету саласын, халыққа арналған тауарларды және азық-түлік өнімдерін қоса алғанда, барлық негізгі номинациялар бойынша өтінім берді. Өңірдің компаниялары жоғары белсенділік танытты: өтінімдер Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш, Шахтинск, сондай – ақ облыстың ауылдық аудандарынан келіп түсті", - деп атап өтті Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында. 

ӨКП директоры Ернар Күлпейісов бұл байқауларға қатысу-жаңа деңгейге шығу, беделін нығайту және тәуелсіз бағалаудан өту мүмкіндігі екенін атап өтті.

Өңірлік конкурс-көрмеде облыстан республикалық кезеңге шығатын финалистер анықталады. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде