#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
19 Наурыз
18 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(242)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап бекітілді

Қазақстанда сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап бекітілді Сурет: pixabay
Zakon.KZ

Энергетика министрі 2025 жылғы 27 маусымдағы бұйрықпен тауар биржаларынан тыс ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz

"Республиканың ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасына 51 932 теңге мөлшерінде шекті бағасы бекітілсін", - делінген құжатта.

Бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

2025 жылғы 1 ақпаннан 2025 жылғы 30 маусымға дейін сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы да 51 932 теңгені құрады.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде