#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
19 желтоқсан
18 желтоқсан

Сауалнама

Бір уақыт белдеуіне ауысу сізге қалай әсер етті?
  • 1. Оң. Олар жақсы ұйықтай бастады.(348)
  • 2. Теріс. Мен бірдей жұмыс көлемін нашар басқарамын. Қыста мен күнді әрең көрдім.(2272)
  • 3. Мен айырмашылықты мүлдем байқамадым.(75)

Қазақстанда ұсақ бұзақылық үшін жаза күшейтіледі

Қазақстанда ұсақ бұзақылық үшін жаза күшейтіледі Фото: Kazinform/ freepik.com
«Казинформ»

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда ұсақ бұзақылық үшін айыппұл 78 640 теңгені құрайды. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

"2025 жылғы 10 қаңтарда" әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске (бұдан әрі — ӘҚБтК) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Заң қабылданды. Кодекс қоғамдық жұмыстар институтын енгізуді көздейтін 49-1, 49-2 және 914-1-баптармен толықтырылды. Аталған нормалар 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді", - деді Үкімет басшысы. 

Сондай-ақ, ол ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылыққа қатысты санкциялар күшейтілгенін атап өтті. Атап айтқанда:

 

  • 1-бөлім бойынша (қоғамдық орындарда балағат сөздер айту) енді 20 АЕК (1 АЕК — 3 932 теңге, барлығы 78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл не 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу не 20-дан 60 сағатқа дейін міндетті қоғамдық жұмыстар көзделген;
  • 2-бөлім бойынша (бірінші бөлігінде көзделген, жыл ішінде қайталап жасалған іс — әрекеттер) - 15-тен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және 60-тан 100 сағатқа дейін міндетті қоғамдық жұмыстар.

 

"Осылайша, бұзақылық әрекеттері үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселесін уәкілетті мемлекеттік органдар уақтылы қарады және ол бойынша тиісті шаралар қабылданды", — деп толықтырды Олжас Бектенов. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде