#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
06 ақпан
05 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(141)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(466)

Біліктілігі жоқ қызметкерлер Қазақстандағы азаматтық қызметшілер құрамына кіре ме

Біліктілігі жоқ қызметкерлер Қазақстандағы азаматтық қызметшілер құрамына кіре ме Сурет: freepik.com
«Казинформ»

Бүгінгі таңда Қазақстанда 288 мың біліктілігі жоқ қызметкер бар. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

"Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерге сауықтыруға біржолғы жәрдемақы (лауазымдық айлықақы мөлшерінде) төленеді, сондай-ақ ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күн жыл сайынғы ақылы негізгі еңбек демалысы беріледі. Бұл ретте, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес Қызметі Арнайы білім беруді және кәсіптік даярлауды талап етпейтін біліктілігі жоқ қызметкерлер азаматтық қызметшілер санатына жатпайды", — деп атап өтті вице-премьер.

Оның айтуынша, мұндай қызметкерлердің біліктілігін тарифтік-біліктілік сипаттамалары негізінде арнайы комиссия айқындайды. Бұл ретте үстемеақылар мен қосымша төлемдерді (сауықтыру жәрдемақысын қоспағанда) қоса алғанда, еңбекке ақы төлеудің бүкіл жүйесі біліктілігі жоқ қызметкерлерге де қолданылады.

"Қазіргі уақытта біліктілігі жоқ қызметкерлердің саны 288 мың адамды құрайды. Оларды азаматтық қызметшілер құрамына енгізу және сауықтыруға жәрдемақы беру республикалық бюджеттен 2025 жылы 28,7 млрд теңгеден қосымша қаражат талап етеді. Осыған байланысты бұл мәселе мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып қаралатын болады", - деп түйіндеді Ермек Көшербаев. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде