#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
04 желтоқсан
03 желтоқсан

Сауалнама

Бір уақыт белдеуіне ауысу сізге қалай әсер етті?
  • 1. Оң. Олар жақсы ұйықтай бастады.(347)
  • 2. Теріс. Мен бірдей жұмыс көлемін нашар басқарамын. Қыста мен күнді әрең көрдім.(2184)
  • 3. Мен айырмашылықты мүлдем байқамадым.(73)

ҚР-да протездік-ортопедиялық көмек бойынша жаңа ұлттық стандарт әзірленуде

ҚР-да протездік-ортопедиялық көмек бойынша жаңа ұлттық стандарт әзірленуде Фото: Мұхтор Холдорбеков / Kazinform
«Казинформ»

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде протездік-ортопедиялық көмек көрсетудің жаңа ұлттық стандартын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі.  

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы Нұрдәулет Төлеев Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің отырысында мәлімдеді.

"Протездердің сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін бұрын протездерді жобалау, дайындау, орнату және пайдалану процесіне қойылатын талаптар белгіленген стандарттар әзірленіп, бекітілді. Алайда, бұл стандарттар 2007 жылы қабылданды. Осыған байланысты протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, министрлік жаңа ұлттық стандартты әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде", - деді Нұрдәулет Төлеев.

Оның айтуынша, стандарт жобасын 2026 жылға арналған ұлттық стандарттау жоспарына енгізу туралы тиісті ұсыныс сауда және интеграция Министрлігі жанындағы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстандық стандарттау және метрология институтының қарауына бағытталған.

Сондай-ақ, спикер Қазақстанда протездік-ортопедиялық көмекті қаржыландыру жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатынын, ал 2020 жылдан бастап бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша трансферттер бөлінетінін атап өтті.

"2024 жылы протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 172 463 000 теңге, ағымдағы жылы — 182 328 000 теңге бөлінді", — деп толықтырды Нұрдәулет Төлеев. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде