#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
09 ақпан
08 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(158)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1391)

Қазақстан алтын қоры бойынша әлемнің ТОП-20 елінің қатарына енді

Қазақстан алтын қоры бойынша әлемнің ТОП-20 елінің қатарына енді Сурет: pixabay
«Казинформ»

Соңғы 10 жылда Қазақстанда құрамында алтын бар кендерді өндіру 2,2 есе өсті. Бұл туралы Индустрия және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Металдар жай тауар емес, олар экономикалық және саяси күштің құралы болып табылады. Жаһандық бәсекелестіктің күшеюі жағдайында Қазақстан тұрақтылықты, бейтараптықты және болжамдылықты сақтауды жалғастыруда,-деп атап өтті Иран Шархан елордада өтіп жатқан 15-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде.

Горно-металлургический конгресс
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан металдардың бірқатар түрлері бойынша әлемдік жетекші өндірушілердің қатарына кіреді.

"Бүгін біз титан, мыс, алюминий, мырыш және қорғасын, ферроқорытпалар, сондай-ақ бериллий, тантал және ниобий сияқты металдарды өндіру және жеткізу бойынша көптеген жылдар бойы әлемдік нарықтағы негізгі ойыншылар екенімізді мақтанышпен айта аламыз. Соңғы 10 жылда құрамында алтын бар кендерді өндіру 2,2 есе, ал тазартылған алтын өндірісі 2 есе өсті. Бұл Қазақстанға алтын резервтер көлемі бойынша әлемнің ТОП-20 елінің қатарына кіруге мүмкіндік берді", — деп атап өтті ол. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде