#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
11 ақпан
10 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(161)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1391)

Қазақстанда бірыңғай стандарт пен ведомстволық наградалар тізбесі әзірленеді

Қазақстанда бірыңғай стандарт пен ведомстволық наградалар тізбесі әзірленеді Фото: Ақорда
«Казинформ»

Мемлекеттік кеңесші Еран Қариннің төрағалығымен Ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың Мемлекеттік рәміздері мен геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.  

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берілген тапсырмасына сәйкес комиссия бірыңғай стандарт пен ведомстволық наградалар тізбесін әзірлеу мәселелерін қарады.

Отырыс барысында Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградаларды жетілдіру және қолдану жөніндегі жұмысы туралы ақпараты тыңдалды, оларды оңтайландыру мен жүйелеудің жалпы тәсілдері ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші ведомстволық наградалар саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде