#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
13 Наурыз
12 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(230)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда нашақорлыққа қарсы күрес үшін жаңа хаттамалар әзірленеді

Қазақстанда нашақорлыққа қарсы күрес үшін жаңа хаттамалар әзірленеді Сурет: freepik.com
«Казинформ»

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа психоактивті заттарға тәуелділікті емдеудің жаңа хаттамасын әзірлейді. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтың депутаттардың сауал салуына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

"Денсаулық сақтау министрлігі "жаңа психоактивті заттарды қолданудан туындаған психикалық мінез-құлық бұзылыстарын"диагностикалау мен емдеудің жаңа клиникалық хаттамасын әзірлеуде. Құжат мас күйін диагностикалауды және медициналық куәландырудың көп сатылы алгоритмін көздейді. Қазіргі уақытта заттарды қолданудан туындаған психикалық және мінез — құлық бұзылыстарын диагностикалау мен емдеудің 16 клиникалық хаттамасы бар, оның ішінде 7-і кәмелетке толмаған адамдарда", - деді Үкімет басшысы.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен біліктілікті арттыруға қатысты Олжас Бектенов нашақорлықтың алдын алудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мүдделі мемлекеттік органдардың (Бас прокуратура, денсаулық сақтау, ішкі істер және әділет министрліктері) ведомствоаралық өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылатынын атап өтті.

"Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іс-шаралары бірлесіп іске асырылуда, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспарды әзірлеу жүргізілуде. Сонымен қатар, жаңа технологиялар мен әдістемелерді игеру, сондай-ақ көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында медицина қызметкерлерінің біліктілігі тұрақты негізде арттырылады. 2024 жылы куәландыру мәселелері бойынша 79 медицина қызметкері оқытылды (2025 жылға 178 медицина қызметкерін оқыту жоспарланған)", — деп толықтырды ол. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде