#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
20 Наурыз
19 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(244)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда жарнама және тіркеу ережелерін бұзғаны үшін микроқаржы ұйымдарының жауапкершілігі күшейтілді

Қазақстанда жарнама және тіркеу ережелерін бұзғаны үшін микроқаржы ұйымдарының жауапкершілігі күшейтілді Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА / ChatGPT
el.kz

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты жаңа әкімшілік шаралар енгізілгені туралы хабарлады, деп хабарлайды АА El.kz ведомствоға сілтеме жасай отырып. 

2025 жылғы 13 наурызда күшіне енген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес мынадай жауапкершілік шаралары көзделген:

- Микрокредиттердің жарнамасында жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетпегені немесе дұрыс көрсетпегені үшін 50 АЕК (ағымдағы есеп бойынша шамамен 172 950 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделген.

- Микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік немесе ломбард ретінде тіркеу туралы хабарламаларды ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін 20-дан 40 АЕК-ке дейін (69 180-ден 138 360 теңгеге дейін) айыппұл салынды.

Жаңа нормалар ҚР ӘҚБтК-нің 211-бабында бекітілген және микроқаржы қызметтерінің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ уәкілетті орган тарапынан олардың қызметіне бақылауды күшейтуге бағытталған.

Агенттік атап өткендей, бұл шаралар тұтынушыларды жарнамадағы жосықсыз тәжірибелерден қорғауға және микрокредиттер нарығын тиімдірек реттеуге арналған. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде