#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
20 Наурыз
19 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(244)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда қазақ жестау тілін тану мәселесі пысықталуда

Қазақстанда қазақ жестау тілін тану мәселесі пысықталуда Сурет: Freepik
«Казинформ»

Қазақ жестау тілі мен дактил алфавитін қабылдау мәселесі пысықталатын болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

"2023 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық конвенцияны ратификациялады. Конвенцияның 21-бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер адамның таңдауы бойынша қарым – қатынастың барлық нысандарын пайдалана отырып, басқалармен тең негізде ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және тарату еркіндігін қоса алғанда, пікір білдіру және сенім білдіру бостандығына құқықты қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды",-делінген жауапта вице-премьер.

Ермек Көшербаев халықаралық тәжірибеге сәйкес жестау тілі Ұлыбритания, Исландия, Австралия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Австрия, Испания, Швеция және Оңтүстік Африка Республикасы сияқты елдерде ресми деңгейде танылғанын атап өтті.

"Алдағы кезеңде Қазақстанның шетелдік өкілдіктерін тарта отырып, жестау тілдері мен дактил алфавиттерін ресми танудың халықаралық тәжірибесі зерделенетін болады. Бұдан әрі мемлекет пен қоғамның инклюзивтілігі тұрғысынан қазақ жестау тілі мен дактил алфавитін қабылдау мәселесі мүдделі мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың қатысуымен егжей – тегжейлі пысықталатын болады", - деп хабарлады Үкімет басшысының орынбасары. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде