#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
02 Наурыз
01 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(210)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізілуде

Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізілуде Сурет: unsplash.com.
bizmedia.kz

Мәжіліс екінші оқылымда МӘМС және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша заң қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bizmedia.kz.

Не ұсынылады
 
Заңда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтер түрлерін ажырату есебінен медициналық көмектің бірыңғай пакеті құрылады.
 
Толығырақ
 
Денсаулық сақтау министрлігіне ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетілетін аурулардың тізбесін (жедел, шұғыл, паллиативтік көмек, Инфекциялық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу) айқындау жөніндегі құзырет бекітіледі.
 
Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің (МСАК) медициналық қызметтері ТМККК пакетінен МӘМС пакетіне көшіріледі. МСАК-тың жекелеген медициналық қызметтері (медициналық көмекке алғашқы жүгіну, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі қызметтер) ТМККК пакетінде сақталады.
 
МӘМС-ке аударымдар
 
МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдардың жоғарғы шегі жұмыс берушілер үшін 40 ЕТЖ және қызметкерлер үшін 20 ЕТЖ мөлшерінде белгіленеді. "Д" және "Е" санаттарына (дағдарыстық, әлеуметтік әл-ауқаттың шұғыл деңгейлері) жататын жұмыссыздар мен жұмыс істемейтін адамдар үшін жарналарды жергілікті бюджет есебінен жүргізу ұсынылады. Жарналарды есептеу тиісті өңірдегі орташа айлық жалақымен айқындалады.
    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде