#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
02 Наурыз
01 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(210)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

Денсаулық сақтау министрлігінде оқушылардың тамақтануының жаңа стандарты туралы айтылды

Денсаулық сақтау министрлігінде оқушылардың тамақтануының жаңа стандарты туралы айтылды Сурет: BAQ.KZ
BAQ.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі тамақтан улану оқиғаларына алаңдайды. Осыған байланысты ведомство 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап тамақтанудың жаңа стандартын енгізуде, деп хабарлады министр Ақмарал Әлназарова BAQ.KZ

"2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында салауатты диета бойынша халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген тамақтанудың жаңа стандарты және көп нұсқалы үлгілік перспективалық мәзір қолданысқа енгізіледі", - деді министр Үкімет отырысында.

Жалпы, Оның айтуынша, Министрлік мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балалар объектілеріне мемлекеттік бақылауды күшейтудің жаңа тәсілдерін әзірледі.

Енгізілетін негізгі түзетулер:

- балалар болатын объектілер үшін ерекше мәртебе беру;

- объектідегі ағымдағы жағдайды дұрыс бағалау үшін алдағы тексерулер туралы алдын ала хабарламаны алып тастау;

- объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторингтік сапарлар жүйесін енгізу.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде