#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
19 желтоқсан
18 желтоқсан

Сауалнама

Бір уақыт белдеуіне ауысу сізге қалай әсер етті?
  • 1. Оң. Олар жақсы ұйықтай бастады.(348)
  • 2. Теріс. Мен бірдей жұмыс көлемін нашар басқарамын. Қыста мен күнді әрең көрдім.(2272)
  • 3. Мен айырмашылықты мүлдем байқамадым.(75)

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі – Президент Заңға қол қойды

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі – Президент Заңға қол қойды Фото: Ақорда
«Казинформ»

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін анықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түзетулердің бірінші блогы қазақстандық тауар өндірушілер мен олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі ретінде қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін енгізді. Тізілімге енгізілген тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді болады және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік сатып алулары мен сатып алуларына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Тізілімнің енгізілуіне байланысты бұрын тауардың шығарылуын растау үшін пайдаланылған СТ-KZ сертификаттары мен индустриялық сертификаттар, сондай-ақ сараптама актісін беру кезінде тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды.

Түзетулердің екінші блогы елішілік құндылық институтын одан әрі жетілдіруге бағытталған. Осы мақсатта ірі тапсырыс берушілердің Үкімет бекітетін қағидаларға сәйкес елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын бекіту және іске асыру міндеті белгіленген.

Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттың жаңа түрі-кепілдендірілген сатып алу шарты енгізілді. Осындай шарттар бойынша өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорны қолда бар өндірістік қуаттарда өндірілген тауарлардың кепілдік берілген көлемін ұзақ мерзімді негізде жеткізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Түзетулердің үшінші блогы кодтар мен атауларды жүйелеу арқылы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жіктеудің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ететін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы жіктеуішін енгізуді және жүргізуді көздейді.

Енгізудің негізгі оң әсерлері: барлық жіктеуіштерді біріздендіру; барлық салалар үшін тауарлар мен қызметтердің түрлері мен сипаттамаларын жеткілікті түрде нақтылау; тауар айналымының қадағалануы; бірыңғай номенклатура; тауарлардың қадағалануын дұрыс жіктеу және түпкілікті сәйкестендіру мүмкіндігі; көлеңкелі экономиканы барынша азайту болып табылады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде