#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
03 желтоқсан
02 желтоқсан

Сауалнама

Бір уақыт белдеуіне ауысу сізге қалай әсер етті?
  • 1. Оң. Олар жақсы ұйықтай бастады.(347)
  • 2. Теріс. Мен бірдей жұмыс көлемін нашар басқарамын. Қыста мен күнді әрең көрдім.(2184)
  • 3. Мен айырмашылықты мүлдем байқамадым.(73)

Қазақстан химия саласына 4,8 трлн теңге инвестиция тартуға үміттенеді

Қазақстан химия саласына 4,8 трлн теңге инвестиция тартуға үміттенеді Сурет: inbusiness.kz
inbusiness.kz

ҚР Үкіметінің отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев химия саласындағы ахуал туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бүгінде химия саласында 49 жоба жүзеге асырылуда.

"2035 жылға дейін салаға 4,8 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту күтілуде. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өндіріс көлемі 12,5% - ға артып, 406 млрд теңгеге жетті. Ағымдағы жылы өндіріс көлемінің 5% - ға өсуі күтілуде. Жаңа жобаларды іске қосу және полипропилен өндірісінің 32% – ға, натрий цианидінің 15% - ға, тыңайтқыштар мен сары фосфордың 13% - ға өсуі есебінен өндіріс көлемінің ұлғаюына қол жеткізу жоспарлануда", - деді министр.

Бұл ретте саланың перспективалы секторларының бірі ретінде көмір химиясын дамыту мәселесі пысықталуда, деп қосты ол.

"Еліміздің айтарлықтай көмір қорларын ескере отырып, бұл бағытты дамыту шикізат экономикасынан алыстап, қосылған құнды арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда CHN Energy және East China Engineering and Technology сияқты ірі компаниялармен жұмыс жүргізілуде", - деп атап өтті Нағаспаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, көмір химиясын дамыту бойынша бекітілген Жол картасы аясында отандық көмір өндіруші кәсіпорындар (Шұбаркөл, Қармет, Гаммасарыкөл) еліміздің ғылыми институттарымен бірлесіп сұранысқа ие химиялық өнім - тыңайтқыштар, абсорбенттер, наноматериалдар, дизель отыны және т.б. алуға бағытталған озық технологияларды жан-жақты зерделеу және енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде