#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
12 Наурыз
11 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(227)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстандағы Жеңіс күніне арналған шеруді 7 мамырдан 9 мамырға ауыстыру туралы қауесет — жалған

Қазақстандағы Жеңіс күніне арналған шеруді 7 мамырдан 9 мамырға ауыстыру туралы қауесет — жалған Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
«Казинформ»

Қазнетте Жеңіс күніне орайластырылған шеру 7 мамырдан 9 мамырға ауыстырылады деген жалған бейне таратылуда, деп хабарлайды kazinform агенттігі stopfake.kz. 

Алаяқтар роликте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың жалған дауыспен сөйлеген сөзін пайдаланады.

Ақпаратқа ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Соңғы уақытта интернет-кеңістікте Қорғаныс министрі мен қорғаныс ведомствосының баспасөз хатшысының атынан ақпараттық шабуылдар мен жалған хабарламалардың таралуы жиілеп кетті. Осындай соңғы жағдайлардың бірі әскери шеруді 7 мамырдан 9 мамырға ауыстыру туралы жалған ақпаратпен байланысты. Хабарлама Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қатысуымен жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып жасалған жалған бейнемен сүйемелденеді.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Әскери шеру-2025 жылғы Мемлекеттік күн тәртібіндегі басты оқиғалардың бірі-7 мамырда бекітілген жоспарға сәйкес "Қазақ елі" монументінің жанындағы алаңда өтеді.

Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін арандатушылық құймаларға берілмеуге және тек қана ресми ақпарат көздеріне бағдарлануға шақырамыз", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде