#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
03 желтоқсан
02 желтоқсан

Сауалнама

Бір уақыт белдеуіне ауысу сізге қалай әсер етті?
  • 1. Оң. Олар жақсы ұйықтай бастады.(347)
  • 2. Теріс. Мен бірдей жұмыс көлемін нашар басқарамын. Қыста мен күнді әрең көрдім.(2184)
  • 3. Мен айырмашылықты мүлдем байқамадым.(73)

Қанат Бозымбаев ТКШ саласындағы ұлттық жоба бойынша бюрократияны қысқартуды талап етті

Қанат Бозымбаев ТКШ саласындағы ұлттық жоба бойынша бюрократияны қысқартуды талап етті Сурет: primeminister.kz
«BaigeNews.kz»

ҚР Вице-премьері Қанат Бозымбаев 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Жол картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру бойынша жобалық кеңсенің отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BaigeNews.kz.  

Қанат Бозымбаев "энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда ұлттық жобаны іске асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер Парламент Мәжілісінің қарауында. Отырысқа қатысушылар норма шығару қызметі және заңға тәуелді актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының жобасын әзірлеу туралы есеп берді.

Сондай-ақ, өткен тоқсанда "Бәйтерек" Ұлттық холдингі атынан қаржы операторының регламенті әзірленді, салалар мен өңірлер бөлінісінде желілердің тозуын төмендетуге талдау жүргізілді. Осы жылдан бастап ұлттық жобаға қатысу үшін өңірлердегі пилоттық ТМС тізбесі анықталды: электрмен жабдықтау саласында 18, жылумен жабдықтау саласында 19, сумен жабдықтау бойынша 24 және су бұру бойынша 26.

БНАЖ-келісімшарт арқылы мердігерді іріктеу тетіктері, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі нормалар талқыланды. Конкурстық рәсімдер өткізілетін бірыңғай электрондық платформа әзірленуде. Бұдан басқа, ұлттық жобаға "Самұрық-Қазына"мемлекеттік қорының 19 жобасы кіреді.

Отырыс қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев бірқатар ведомстволардан бюрократиялық рәсімдерді қысқартуды талап етіп, осы жылдың жазында пилоттық жобаларды іске қосу үшін тапсырмаларды орындауды жеделдетуді тапсырды.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде